Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ресей Лиман түбінде Харьковтен кейінгі ірі жеңілісіне ұшырағалы тұр

МӘСКЕУ. 29 қыркүйек. Ресей Харьковте орын алған ірі жеңілісінен кейін зор апатқа тағы ұшыраудың қарсаңында тұр. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

«Украина әскерлері Донецк облысындағы Лиман қаласына жан-жағынан түгелге жуық қоршауға алды, енді жақын аралықта ресейліктердіің ірі әскери тобын «қазаншұңқырға» түсірулері мүмкін», – делінген Соғысты зерттеу институтының (ISW) ең соңғы мәліметінде.

Қазір Украина Қарулы күштері Лиманды батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс қапталдарынан қоршауға алған, Ресей армиясының Торское елді мекені арқылы сыртқа шығатын жалғыз коммуникациялық жүйесін де өзінің бақылауында ұстап тұр. Сарапшылар ресейлік оккупанттар үшін Лиманды жоғалту мұның алдында көп адам шығынымен басып алған Лисичанск мен Северодонецк қалаларынан айырылып қалу қаупін туғызатынын айтады.

Бүгін украин күштері Колодези селосының оңтүстік-шығыс жағы мен Лиманнан небәрі 15 шақырым жердегі Торское елді мекенінің шетінде ұрыс жүргізуде. Олар сондай-ақ орыстардың Ямполь түбіндегі бекіністерін жарып өтіп, Торскоеге оңтүстік-батыстан да шабуыл жасауда.

«Лиман «қалтасының» құлауы, бәлки, Ресей әскери топтарына Донецк облысының солтүстігі мен Луганск облысының батысында айтарлықтай зор зардаптар әкелетін шығар», – деп ескертті Соғысты зерттеу институтының сарапшылары.

Биылғы қыркүйек айында Харьков түбінде де тура осындай жағдайдан кейін Ресей армиясы қирай жеңіліп еді. Ол украин армиясының 8 мың шаршы шақырым аумақты азат етуіне мүмкіндік әперді. Соның ішінде Харьков облысы түгелге жуық жаудан босатылды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button