Ресей Қазақстан шекарасында мобилизация бекетін ашады
МӘСКЕУ. 29 қыркүйек. Ресей билігі Қазақстанның Астрахань облысындағы шекарасынан әскерге шақырылғандарды ұстайтын уақытша жұмылдыру бекетін ашатын болып отыр. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
Мұндай бекеттер сондай-ақ облыстың «Қараөзек» бақылау-өткізу пункті орналасқан Краснояр ауданында да ашылады. Аймақта жоғары дайындық режимі жарияланды.
Қазақстан мен Ресей қазір Қазақстанның азаматтары мен азық-түлік көліктеріне арналған «жасыл дәліз» ұйымдастыру мүмкіндігін де қарастырып жатыр.
Қазақстан Сауда және интеграция министрі Серік Жаманғариннің айтуынша, ел ресейліктер үшін шекараны жаппайды.
«Бұлар – бауырлас халық. Жұрт қиын жағдайға тап болып отыр. Бұдан 80 жыл бұрын біздің аталарымыз майданда бірге шайқасқан. Енді қазір біз оларға: «шекара жабық, келмеңдер» десек, қалай болады? Бұдан кейін біз қандай боп көрінеміз? Өзімізді өзіміз қалай сыйлаймыз? Бұл – біздің ұлтымыздың мәні сияқты нәрсе, біз – дос пейілді, меймандос халықпыз. Кезінде біз өз жерімізде 100 халықты қабылдағанбыз», – деп сайрады ол.
Бұдан бұрын мұндай мобилизациялық пункттің Грузия шекарасындағы «Жоғарғы Ларс» бақылау-өткізу бекетінде құрылғаны жайлы хабарланған болатын.
Тек бір аптаның ішінде ғана Ресейдегі мобилизациядан қашқан 194 мың тұрғын Қазақстан, Грузия, Финляндия және Моңғолия елдеріне кетііп қалды. Басқа бағыттардың ішінде Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі және Сербия бар.
Кеше АҚШ, Польша және Болгария елдерінің сыртқы істер министрліктері өздерінің Ресейдегі азаматтарын «жағдай ушықпай тұрғанда» отандарына тездетіп оралуға шақырды.