Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Украин әскерлері шабуылға шығып, Донбастағы жауды талқандады

КИЕВ. 24 маусым. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Донецк облысында қауырт шабуылға көтеріліп, басқыншыларды зор шығынға ұшыратты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украин жауынгерлері Редкодуб маңында сәтті қарсы шабуыл операциясын жүргізіп, ресейлік оккупанттардан тұратын бір взводты жойды, сөйтіп, жаңа позицияларға қол жеткізді.

Украина күштері Донецк облысында белсенді қарсы шабуылдарын жалғастыруда: 3-шабуылдау бригадасының жауынгерлері Редкодуб селосы маңында сәтті рейдтік операция жүргізді. Нәтижесінде Ресей армиясы мотоатқыштар полктерінің бірінің взводы толығымен жойылды, содан кейін украин бөлімшелері позицияларды тазартып, жаңа шептерге орналасты.

3-штурм бригадасының мәліметі бойынша, Украина қарулы күштерінің бөлімшелері Ресей соңғы апталарда бүкіл майдан шебінде шабуылдау операцияларын арттырып жатқан Редкодуб селосы маңындағы қорғаныс шебін нығайтуға жіберілген. Украин сарбаздары өздеріне жасалған қатты қысымға төтеп беріп қана қоймай, қарсы шабуылға да шықты.

Рейдтік-екпінді операция кезінде Ресей қарулы күштері 20-армиясы 144-дивизиясы 283-ші мотоатқыштар полкі взводының бір бөлігі жойылды. Бұл 2-механикаландырылған батальон Karakurt Colony 3-ротасы жауынгерлерінің үйлесімді жүргізілген әрекетінің нәтижесінде болды.

Жау взводын жойғаннан кейін украин әскерлері басып алған позицияларды тазартып, сол жердегі позицияларын бекітіп, майданның осы учаскесіндегі тактикалық жағдайды жақсартты.

Редкоюдуб селосы – Ресейдің Лиман тарапы мен одан арғыдағы Оскол өзені және Изюм қаласына қарай өтуге тырысып жатқан бағытындағы шешуші шеп. Елді мекен Солтүстік Донец өзені арқылы өтетін жолды да бақылауында ұстап тұр.

Еске сала кетейік, Ресей басқыншылары Лиманды 2022 жылы басып алған еді. Алайда сол жылдың 1 қазанында украиндардың қуатты шабуылдарынан кейін оккупанттар бұл жерді тастап шығуға мәжбүр болды. Жау жағы соңғы аптада Редкодуб ауданындағы айырылып қалған позицияларын қайтарып алу үшін тағы да белсенділігін арттыра бастаған. Дегенмен 3-шабуылдаушы бригаданың әрекеттері украин армиясының тек тиімді қорғанып қана қоя салмай, жауды түбірлетіп тұрып, аймақтан түре қуып шыға алатынын көрсетті.

Украина қорғаныс күштері сондай-ақ жақында ғана Ресей армиясының Яблуновка ауданындағы штурмды-бронды әскерлерін түгел жойып жіберген болатын. Осының бәрі майданның жекелеген учаскелерінде украин күштерінің басымдық алуы жалғасып келе жатқанын байқатады.

Бұдан бірқатар уақыт бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ресейліктер сапынан апта сайын орта есеппен 5 мың жауынгердің опат болып жатқанын айтқан еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button