Помпеоның мәлімдемесі Қытайдың шымбайына тиді
АСТАНА. 6 ақпан. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қытайдағы лагерьлерде зардап шегіп жатқан қазақтар турасындағы мәлімдемесі Қытайдың шымбайына батып кетті. Бұл туралы Azattyq ruhy хабарлайды.
Қытай Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның айтуынша, Майк Помпеоның мәлімдемесі аймақта жауластық туғызып, өзінің осындағы монополиясын күшейтуді көздеген геосаяси мақсат болып шыққан. Ол мұны Facebook-тегі парақшасында атап көрсетіпті.
Елші Майк Помпеоның 2020 жылғы 2 ақпан күні Қазақстанға жасаған сапары барысында жергілікті антиқытай қозғалысының мүшелерімен кездесуін, сондай-ақ Астана қаласында өткізген баспасөз мәслихатын еске алады. Баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытайды Шыңжаңдағы миллиондаған ұйғыр және қазақ мұсыломандарды түрмеге қамап отырғаны, Қытай мен Ресейдің ұзақ жылдарғы инвестицияларының елдің даму келешегіне кедергі келтіріп отырғаны туралы сөз етті. «Майк Помпео тіпті Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын бұзу үшін коронавирус пневмониясы індетін жаңа қару ретінде пайдалануға тырысты» деп атап өтті ҚХР елшісі.
«Помпеоның айтқандарын толығымен кездейсоқ нәрсе болған жоқ, бұл Помпеоның Қытайға қарсы қойған тағы бір еш негізсіз «қойылымды спектаклі» болды. Менің айтқанымдай, ол өзін ұдайы жаңадан ештеңе қоса алмай, ескі әуендерін қайталай беріп, жеңіл адам ретінде көрсетеді. (Қытайдың миллиондаған ұйғырды түрмеге тыққаны туралы тұжырымына келсек, факт барынша айқын болуы керек, Американың тәуелсіз жаңалықтар «Сұр аймақ» сайтында «1 миллион» деген цифр бар-жоғы сегіз адаммене жүргізілген сауалнама негізінде алынған. Бұл – барынша күлкілі жағдай. Шын мәнінде соңғы 40 жылда Шыңжаңдағы ұйғыр тұрғындар 5,5 миллионнан 11 миллионға жетіп, Шыңжаңдағы барлық халықтың 56,8 пайызын құрады. Шыңжаңда 25 000 мешіт бар, бұл Құрама Штаттардағы, Ұлыбританиядағы, Франция мен Германиядағы барлық мешіттерді қосқандағыдан да көп, бізде әрбір 500 мұсылманға бір мешіттен келеді, бұл – көптеген мұсылман елдеріндегіден де көп. Помпео Шыңжаңдағы негізгі фактілерді итеріп тастап, Қытайда ғайбаттағанды жалғастыра отырып, күллі әлемге тек өзінің идеологиялық пайымдарын таратып отыр», – деп мәлімдеді Чжан Сяо.
Оның айтуынша, Май Помпеоның Қытай мен Ресей инвестицияларының Қазақстанға зияны туралы тұжырымы барынша жалған болып табылады, ол аймақта жауластық туғызып, өзінің осындағы монополиясын күшейтуді көздеген геосаяси мақсат болып шыққан.