Коронавирустан көз жұмғандар 562 адамға жетті
БЕЙЖІҢ. 6 ақпан. Қытайда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 27,4 мың адамнан асты. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
«Соңғы тәулік ішінде тағы 70 адам қайтыс болғаны белгілі болды», деп жазады осыған орай сайт. Осылайша коронавирус кеселі қазірге дейін 562 адамның өмірін қиған. Бұдан бөлек, 1 135 науқастың сауыққаны да белгілі болды.
Басылымының мәліметінше, көз жұмғандардың басым бөлігі Хубей провинциясының тұрғындары екен. Бұл өңірде коронавирустан 549 адам көз жұмған.
Бір айтатын нәрсе, осыған дейін ҚХР аумағында тараған жаңа коронавирустан 492 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.
Еске сала кетсек, күні кеше елордада 14 қаңтар күні Қытайдан ұшып келген студенттің ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Жас жігіттен жаңа коронавирустың белгілері байқалған.
Дегенмен кейін сараптама нәтижелері шығып, одан вирус табылмағаны анықталды. Белгілі болғандай студент ЖРВИ-мен (Жіті респираторлық вирустық инфекция) ауырған, ал уақытылы емделмегеннің салдары бронхит түріндегі асқынуға әкелген.
Атап өтейік, Ухань қаласынан Қазақстанға оралған студенттерден де коронавирус анықталмады. Дегенмен, хаттамаға сәйкес, олар 16 ақпанға дейін карантинде болады.