Украина әскерлері тәулікте Ресейдің 500 солдатын жер жастандырды
КИЕВ. 4 қыркүйек. Украина Қарулы күштері өткен тәуліктің ішінде Ресейдің 500-ге жуық оккупантын жойып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Британия барлауы украин әскерлерінің Херсон облысындағы әрекеттерінің РФ командованиесі үшін белгілі бір дәрежеде күтпеген тактикалық жаңалық болғанын айтып отыр.
Украина әскерлері тәулікте жаудың Богородичное, Пасека, Долина, Бахмут, Покровское, Бахмутское, Пески, Первомайское елді мекендері аудандарындағы шабуылдарын қайтарып тастаған.
Ресей оккупациялық армиясы 24 ақпаннан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта өзінің барлығы 49 500 (+450) солдатынан өлідей айырылды.
Осы кезге дейін басқыншылардың мұншама қару-жарағы мен техникасы жойылды:
танктер ‒ 2049 (+15)
жауынгерлік бронды машиналар ‒ 4430 (+27),
артиллериялық жүйе – 1147 (+13),
РСЗО – 294 (+1),
ПВО құралдары – 156 (+3),
ұшақтар – 236 (+1),
тікұшақтар – 206 (+1),
БПЛА жедел-тактикалық деңгейі – 864 (+0),
қанатты ракеталар – 203 (+0),
корабльдер /катерлер – 15 (+0),
автомобильдер мен автоцистерналар – 3276 (+8),
арнайы техникалар – 106 (+1).
Осы сағаттарда сонымен қатар Ресей армиясының Запорожье АЭС территориясынан жан-жақты РСЗО-дан атқылап жатқаны белгілі болды.
The Insider басылымының жазуынша, олардың қолдарында осы сәт түсірілген видео бар. Видео қыркүйектің 2-нен 3-не қараған түні түсірілген. Кадрларда Ресей армиясы РСЗО-ларының энергиялық блоктың жанында атқылап жатқаны көрініп тұр.