Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украин әскерлері Херсон облысын оккупанттардан босата бастады

КИЕВ. 5 қыркүйек. Украина Қарулы күштері кеше Херсон облысындағы Высокополье кентін жаудан азат етті. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

«Кеше әлеуметтік желіде украин әскерлерінің Херсон облысындағы Высокополье кентін босатқаны жайлы ақпар тарады. Кент ауруханасы төбесінде украин жалауы желбіреді», – делінген хабарламада.

Артынша лаңкес Игорь Стрелков-Гиркин украин әскерлерінің Херсон облысындағы Высокополье кентін жаудан азат еткені рас екенін мойындады. Оның айтуынша, Ресей үшін «жанға бататындай сәтсіздік орын алған».

Осыдан кейін оккупанттар дронмен барлау жасауды күшейткен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button