17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп: Ресей жыл басынан бері 112 000, Украина 8 000 әскерін жоғалтты

1 Тамыз 2025 12:49
- Әлеумет, Жаңалықтар
Трамп: Ресей жыл басынан бері 112 000, Украина 8 000 әскерін жоғалтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 1 тамыз. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей армиясының жыл басынан бері соғысты қатты қырғынға ұшырап келе жатқанына назар аударды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны өзінің деректеріне сүйеніп, 2025 жылдың басынан бері Ресейдің соғыста 112 мыңнан астам әскерін жоғалтқанын, ал Украинаның шығыны 8 мыңға жуық әскерді құрағанын айтты.

«Мен Украинада жүріп жатқан жойдасыз соғыстың осы айында 20 000-ға жуық Ресей сарбазының қаза тапқанынан хабардар болдым (бәлкім, Трамп шілде жайлы айтқан шығар. – The New York Times). Жыл басынан бері Мәскеу 112 500 сарбазынан айырылды. Бұл – бостан босқа өлген солдаттар саны! Дегенмен Украина да орсан зор ауыр шығынға ұшырады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері, хабарсыз кеткендерді есептемегенде, 8 мың жауынгер опат болды», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Президент сонымен бірге қаза тапқандар арасында украиналық бейбіт тұрғындардың бар екенін атап өтті, бірақ оның айтуынша, олардың саны украин әскерилері қатарындағы шығынмен салыстырғанда, айтарлықтай аз.

Трамп бейбіт тұрғындардың қаза болуын Украина қалаларының атқылануымен байланыстырды. «Ресей зымырандары Киев пен басқа да елді мекендерге барып түсіп жатыр», – деп жазды ол. Сосын жазбасын аяқтай келе, Украинада соғыс басталып кетуіне өзінің алдындағы Джо Байденді кінәлі деген тезисін тағы қайталады. «Мен бұл соғысты тоқтата алатынымды білгесін келдім», – деп түйіндеді Трамп.

Бұған дейін маусым айының ортасында Британия барлау Украинаға жаппай басып кіру басталғаннан бері Ресейдің – қаза тапқандар мен жараланғандарды қоса есептегенде, – бір миллионға жуық адамынан айырылған болуы мүмкін екенін баяндаған болатын. Барлау мәліметтеріне сәйкес, 250 мыңға жуық ресейлік әскери қызметкер қаза болса керек, бұл соғыстың Ресей үшін Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең қанды қырғынға айналғанын көрсетеді. Жалпы орны толмас шығындар (өлгендер, хабар-ошарсыз кеткендер және ауыр жараланғандар, қызметке қайта алмайтындар) 400-500 мың адамға бағаланып отыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио шілде айының басында 2025 жылдың басынан бері Ресей қарулы күштері қатарындағы шығынның күрт артып кеткені туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, бар болғаны жарты жыл ішінде Ресейде, – жараланғандарды есептемегенде, – 100 мыңға жуық қаза тапқан.

The Economist өз талдауында 2025 жылдың 1 мамыры мен 9 шілдесі аралығында ғана Ресей ұрыс даласында 31 мыңдай адамынан айырылуы мүмкін деген қорытындыға келді. Басылымның бағалауы бойынша, бүкіл соғыстағы жалпы шығын 900 мыңнан 1,3 миллион адамға дейін, оның ішінде 190-нан 350 мыңға дейінге қайтпас сапарға аттанғандар да бар.

Осыған ұқсас деректерді Уашингтонда орналасқан Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) да ұсынады. Оның есептеулері бойынша, Украинаға шабуыл басталғаннан бері Ресей 1 миллионға жуық адамынан айырылған, оның 250 мыңға жуығы қаза тапқан. Сондай-ақ 400 мыңға жуық әскери қызметші мүгедек болып қалған.

Таңбалар: Дональд ТрампРесейсоғысшығын

Ұқсас мақалалар

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес
Дәулет

Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

15.10.2026
Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 
Жаңалықтар

Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

15.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist