Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин әскерлеріне ай ортасына дейін Донецк облысын алуды бұйырды

МӘСКЕУ. 2 қыркүйек. Ресей президенті Владимир Путин әскерлеріне қыркүйектің 15-не дейін Донецк облысының әкімгершілік шекарасына дейін шығуға бұйрық берді. Бұл туралы The Insider хабарлады.

Украина Қарулы күштері бас штабы бас жедел басқармасы бастығының орынбасары Олексий Громов брифингте осыны мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей әскерлері Харьков, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Николаев облыстарының кейбір аудандарын басып алған. Олар сондай-ақ шабуылды жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Ресейдің оккупациялық армиясы Путиннің 15 қыркүйекке дейін Донецк облысының әкімгершілік шекарасына дейін шығу жөніндегі бұйрығына сәйкес кезекті мәрте өздерінің жоспарлары мен іс-әрекеттерін қайта қарап жатыр», – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, РФ үшінші армия корпусының құрамалары мен әскери бөлімдерін бір жерден екінші жерге апаруды жалғастыруда. Алдын ала болжам бойынша, Донецк операциялық ауданында әскер күштерінің шоғырландырылып жатқаны байқалады.

Громов сондай-ақ РФ Қарулы күштері жоғары командованиесінің жеке құрам айтарлықтай шығынға ұшырап жатқандықтан, «әуе-десант әскерлері 31-1 жеке десант-штурм бригадасын тарату» жөнінде шешім қабылдағананын айтты. Бұл бригадалар құрамдарының 20 пайызы ғана қалған.

Украина 29 тамызға қараған түні қарсы шабуылға шықты. Бірқатар әскери сарапшылар оны украиндардың соғыс басталғалы бергі бірінші кең ауқымды шабуылы деп бағалап отыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button