Ердоған Путинге туған күніне орай «түріктің жақсы сыйлығын» жіберді
МӘСКЕУ. 8 қазан. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған ресейлік диктатор досы Владимир Путиннің туған күніне орай арнайы сыйлық жіберген болып шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның жай-жапсарын Кремль қожайынының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне айтып қойды.
Ол сыйлықтың құны Ресей мемлекеттік қызметкерлері үшін алуға рұқсат етілетін 3 мың рубль мөлшерінен сәл ғана асып кететінін атап өтті.
«Түрік президенті кешегі әңгімесінің алдында арнайы сыйлығын жіберді», – деді ол. Ушаковтың айтуынша, Түркиядан өте жақсы сыйлық келген.
Ресей диктаторының көмекшісі түрік президенті тартуының бағасы мемлекеттік қызметкерлерге алуға рұқсат етілетін 3 мың рубльдік шекке сәйкес келетін-келмейтіні жөніндегі сұраққа оның «сәл ғана» асып кететінін айтып, жауап берді.
РФ лидері Владимир Путин кеше, 7 қазан күні 72 жасқа толды. Ушаков осыған байланысты оған берілген сыйлықтардың аз болмағанын білдірді.