АҚШ Украинаның Қырымды батыс қаруымен атқылауына келісті
ВАШИНГТОН. 19 тамыз. АҚШ Украинаға Қырым түбегін батыстан алынған қазіргі заманғы үздік отты қарулармен атқылауға рұқсат берді. Бұл The Moskow Times хабарлады.
Мұны Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігі мәлімдеген. «Әрине, нысананы біз белгілеп бермейміз, оны Украина өзі шешеді. Біз қару-жарақты өзін-өзі қорғауы үшін беріп отырмыз. Егемен Украинаның ендігі бар мақсаты украин жерінің азаттығы мен өзін өзі қорғауы болмақ», – деді ол.
Шенеунік сонымен қатар, АҚШ-тың Қырымды Украинаның бөлінбес бір бөлшегі деп санайтынын жеткізді.
Өз кезегінде Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников Байден әкімшілігінің Киевтің тұжырымдарына ақыры келіскенін білдірді. «Бізде АҚШ-пен арада батыс қаруын Ресей территориясында қолданбау жөнінде келісім бар. Бірақ әңгіме Украинаның өз территориясы туралы болып отырғанда, бұл шектеудің ешбір күші болмайды. Ал Қырым – Украина жері», – деді ол.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкер «Украинаның Қырымдағы Ресей әскери күштеріне ракетадан соққы беруінің оның Киев, Херсон түбіндегі немесе Украинаның шығысындағы шабуылдарынан ешбір айырмашылығы жоқ», – деді ол.
Бывший спецпредставитель Госдепа США по Украине Курт Волкер заявил, что «нападение на российские силы в Крыму ничем не отличается от нападения на них под Киевом, Херсоном или на востоке Украины».
16 тамызда Қырымдағы қару-жарақ қоймасы мен трансформаторда, сондай-ақ әскери базада үш жарылыс болды. Бұған дейін, 9 тамызда Саки аэродромында жарылыс болған еді. Нәтижесінде бес Су-24 бомбардировщигі мен үш зәрі Су-30 бомбардировщигі жойылып кетті.
16 тамызда Украина президенті офисі басшысының орынбасары Михаил Подоляк «алдағы екі-үш айда Қырымда» жаңа жарылыстардың болатынын мәлімдеген еді.