Севастопольдегі әскери аэродромда да жарылыстар орын алды
КИЕВ. 19 тамыз. Қырымдағы Севастопольдың әскери аэродромында кеше жарылыстар жасалды. Бұл The Moskow Times хабарлады.
Севастопольдегі «Бельбек» әскери аэродромында бір мезгілде кемінде 4 жарылыс орын алды, деп жазды агенттік.
Севастопольдің губернаторы Михаил Развожаевтың айтуынша, аэропорт ауданында бір ұшқышсыз ұшатын аппарат атып түсірілген, зардап шеккендер болмаған.
«Бельбектен» бірнеше шақырым қашықта тұратын севастопольдіктер агенттікке жарылыстар жайында айтып берген. Олардың бірі аэродром ауданынан түтін көрінгенін сөз еткен. Тағы екі адам лаулап жанған отты көргендерін баяндаған.
Жалпы, 18 тамыз күні кешке Ресей территориясы мен Қырымда осындай бірнеше инцидент орын алған. Қырымның билігі түбекте Әуе қорғаныс күштері жүйесінің іске қосылғанын және Қырым көпірі үстінен бір беспилотниктің атып түсірілгенін мәлімдеді.
Осы күні Ресейдің Белгород облысында да қару-жарақ қоймасы отқа оранған болатын. Оны облыс губернаторы Вячеслав Гладков облыстың Валуй қалалық округіне қарасты Тимоново селосында орналасқан қару-жарақ қоймасындағы жарылғыш заттардың өзінен өзі тұтатып кетуі салдарынан орын алды баяндады. Әзірге ондағы өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Тұтану себептері қосымша анықталуда.