Шығыс Қазақстан облысының биік таулы аудандарында қар жауды
ӨСКЕМЕН. 18 тамыз. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында бүгін қар жауды, енді дымқылды қар болады деп күтілуде. Бұл туралы Noks.kz хабарлады.
«Еске сала кетейік, 18 тамызда Риддер қаласында алғашқы қар жауды. Оны көргендер редакцияға суреттерін жіберді», – делінген хабарламада.
«Мұнда таң қалатын ештеңе жоқ, біздің климатымыз сондай. Қар жыл сайын шамамен осы уақытта жауып тұрады. Қардың қалыңдығы бес сантиметрге жуықтайды, көбіне бұлар тез еріп кетеді. Ал қыркүйектің соңында жауатын қар біразға дейін жатады. Біз сол кезде оның үстінде шаңғы теуіп, жаттығу өткіземіз», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, шаңғышылар жаттықтырушысы Александр Исаченко.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіндегілер де Риддер мен оның айналасында жаздың соңына қарай қар жаууы үйреншікті құбылыс екенін айтады.
«Бұл жер енді таудың басы ғой,. – дегенді қосты олар. – Жақын күндердегі ауа райы болжамына сәйкес, облыстың таулы аудандарында, – бұларға Риддер мен Қатын-Қарағай ауданы жатыр, – жаңбыр мен дымқылды қар түріндегі жауын-шашын орын алады деп күтіліп отыр».