Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресей Запорожье АЭС-ін тоқтатып қоймақшы болып жатыр

КИЕВ. 18 тамыз. Ресей әскери командованиесі Еуропадағы ең ірі – Запорожье атом-электр станциясын істеп шығарып тастайтын болып, бопсалап, әлемді қорқытып отыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Мұны Ресей Федерациясы Қарулы күштері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы, генерал-лейтенант Игорь Кириллов «РИА Новости» агенттінінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Украинадағы атом станциясын атқылауға байланысты кері әңгімелер жалғаса беретін болса, 5-ші және 6-шы энергиялық блоктарды «салқын резервке» қарай шығарып жіберу мәселесін қарастыруымыз мүмкін екенін қаперлеріңізге саламын. Бұл Запорожье АЭС-нің жұмысын тоқтатып тастайды», – деді ол.

Айта кету керек, Ресей Запорожье атом-электр станциясын соғыстың алғашқы кезеңінде басып алып, оның территориясына әскери техникалары мен оқ-дәрілерін сақтап келе жатыр.

Бұған дейін РФ 19 тамызда станцияда «Киев режиміне қарсы кең ауқымды арандатушылық» болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

17 тамызда БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Львовқа келіп, Зеленскиймен кездесті. Ол мұнла АЭС жайын талқылады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button