Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Қызылордалық Димаш конкурста Гран-при алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қаңтар. Қызылордалық жас әнші Дінмұхаммед Төлебай Беларусь мемлекетінде өткен «Арт-парад» I халықаралық конкурсында топ жарып, бас бәйгені жеңіп алды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады.

Қызылордалық Димаш облыс орталығындағы №11 мектептің 7-сыныбында оқиды. Дарынды жас бірнеше байқауларға қатысып, өнер әлеміне қадам басып келеді. Оның академиялық бағыттағы конкурстық әні қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

Дінмұхаммед Төлеубай аталмыш байқаудың Гран-при иегері ретінде енді Витебскіде өтетін ХХІХ халықаралық «Славян базары» халықаралық конкурсына шақырту алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button