Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Нью-Йоркте Путиннің қанға малынған ескерткіші пайда болды

ВАШИНГТОН. 6 тамыз. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қанға малынған Путиннің танкке атша мініп алған ескерткіші пайда болды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

«Нью-Йорктің Орталық паркіне танкке атқа отырғандай болып мініп алған Путиннің скульптурасы қойылды. Бір атап өтерлігі, Ресей диктаторының үсті түгел қан қызыл түске боялған», – делінген хабарламада.

Хабарланғандай, мүсінді Франциядан келген көше суретшісі Джеймс Коломина жасаған. Бұған дейін бұл скульптура Барселона мен Парижда болған екен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Үлкен жетілік» лидерлері Ресей президенті Владимир Путиннің 2009 жылы «мачо» кейпінде аттың үстіне мініп түскен суретін әжуалап күлген еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button