Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

ҚЫРЫҚ ҚАСҚЫР

Өмірдің өз өлеңі

Күн бүгін ақыл мен ес адасқандай,

Кедей – жер, шенділердің бәрі аспандай.

Сұрапыл сұмпайылық жоғарыда,

Бір қойға қырық қасқыр таласқандай.

 

Өмірдің көрдік қыңыр, қиысын да,

Шыға алмай омақа астық жиі шыңға.

Күн өтті қара қойдай қансыраумен,

Отыз жыл аш бөрінің уысында.

 

Әлі қасқыр ішінде бүлік жатыр,

Мейлі оны білмегенсіп, күліп жасыр,

Қасқырды қақсатайық, ақсатайық,

Ортамыздан шығарып қырық батыр.

 

Осы айтқан пікірімді тегіс үнде,

Өткеннің есең кеткен жемісін же.

Қасқыр-адам қырылып апанында,

Момақан қой жайылсын өрісінде.

Оңталап БАЗАРАЛЫ

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button