Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
АСТАНА. 17 қаңтар. Әсет Исекешев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің ақпарына сілтеме жасаған ҚазТАГ хабарлады..
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын», – делінген бейсенбідегі президент Қасым -Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Исекешев 2019 жылдың наурызынан бері Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болған, оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін Президент әкімшілігін басқарған, оған дейін 2016 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласының әкімі болған.