Қазақстан жалақы өсіру жағынан ең соңғы орында
Қазақстан ең төменгі жалақының мөлшерін өміру жөніндегі әлемдік рейтингіде ең соңғы орында тұр. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.
«Республикада 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері сақталып қалды. Ол бізде 42,5 мың теңге» деп жазады аталмыш баспасөз құралы. Бұдан екі жыл бұрын, 2018 жылы ол 28,3 мың теңгені құраған еді.
Әлемде ең төменгі жалақы деңгейінің жоғарылығы жағынан Люксембург деген ергежейлі мемлекет бірінші орында тұр. Онда бұл 1989 АҚШ долларын құрайды. Бұдан кейінгі алдыңғы орындарда орындарда Австралия (1923 доллар), Ирландия (1743 доллар) келеді. Үздік ондықтың құрамында сондай-ақ Нидерланд, Ұлыбритания, Корея, Канада, Бельгия, Германия және Франция бар.
Ал Қазақстандағы ең төменгі жалақының мөлшері 98 АҚШ долларына тең.
Ең төменгі жалақының деңгейін өсіруде қазір Нигерия бәрінен алда келеді. Бұл елде мұның көрсеткіші 64,8 пайызға жеткен. Бірақ бәрібір жалақының төмендігі жағынан бәрібір ең соңғы орында қалып қойған (74 АҚШ доллары).
Жалақының ең төменгі мөлшерін өсіруде алғашқы үштікке Әзербайжан (жылыны +37,7 пайыз) мен Аргентина (37,1 пайыз) кіреді.
Сол сияқты АҚШ, Испания, ОАР және Латвия елдерінде 2019 жылғы ең төменгі жалақы белдеуі сақталып қалған. Алайда, соның өзінде оларда бұл мөлшер біздегіден бірнеше есе жоғары.