Шри-Ланкада халық көтерілгесін, президент елден қашып кетті
КОЛОМБО. 9 шілде. Бүгін Шри-Ланкада халық көтеріліп, президенттен оставкаға кетуді талап еткесін, ол елден қашып кетті. Бұл туралы Newswire хабарлады.
Алдымен парламент спикерінің төрағалық етуімен партиялар лидерлері бас қосып, елдегі жағдайды талқылаған. Олар елдің президенті Готбайя Раджапакс отставкаға кетуі керек деп шешкен. Ұсыныс мемлекет басшысының өзіне жеткізілген.
Осыдан кейін бұқара халық көшеге шығып кеткен. Олар елдегі дағдарыс жағдайына байланысты президент пен премьер-министрден билік басынан кетуді талап еткен ұрандар көтерген.
Партия лидерлері кездесер алдында премьер-министр Ранил Викремесингхе оларға президенттің партия лидерлерінің шешімін бағалайтынын, топ бастаушылар не айтса, соны орындайтынын мәлімдеген.
Артынша президенттің елден қашып кеткені белгілі болды.
Бұдан кейін премьер-министр де өзінің қызметтен кеткенін баяндаған.