Эстония премьері күйеуі Ресеймен істес болғаны үшін қызметінен кетеді
ТАЛЛИНН. 26 тамыз. Эстония премьер-министрі Кая Калласқа күйеуі Арво Халлик компаниясының РФ-мен байланыста болғаны үшін отставкаға кету қаупі төніп тұр. Бұл туралы Reuters дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қазір Эстонияның барлық пабликтері осы тақырыпта жазып жатыр. «Күйеуі Арво Халликтің бизнесі жайлы ақпар тарап кеткеннен кейін Эстония премьер-министрі Кая Калласқа отставкаға кету қаупі туды. Ол егесінің бірі болып табылатын көлік компаниясы Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін де көрші елдегі жұмысын жалғастыра берген». – деп жазады Reuters.
Осыдан кейін қоғамдық пікірді анықтау мақсатында екі рет халық арасында сауалдама жүргізілген. Оның екеуінде де респонденттердің басым бөлігі Калластың отставкаға кетуі үшін дауыс берген болып шықты.
Алайда премьердің өзі күйеуі компаниясының жұмысы үшін өзінің қызметтен кетуі әділдік болып табылмайтынын айтып, міз бақпай отыр. Ал Арво Халлик өзінің компаниядағы үлесін сатқалы отырғанын айтады.
Бұған дейін Еуропа компанияларын Мәскеумен байланысты үзуге шақырып келген Кая Каллас Еуропа одағы мен НАТО-да Ресейді талмай сынаушылардың бірі болып еді.
Ал осы аптада мемлекеттік ERR телеарнасы қожайындарының бірі Арво Халлик болып сааналатын Stark Logistics компаниясының Ресей зауытына эстонның басқа компаниясының өнімдерін жеткізіп тұратынын жариялап жіберді. «Соғыстың басында компания осы зауытқа қызмет ету арқылы 1,5 миллион еуро табыс тапты», – деп жазды эстонның Eesti Paevaleht газеті.
Эстония президенті Алар Карис бейсенбі күні премьерден қозғалып жатқан мәселеге жан-жақты түсініктеме беруді талап етті. Ал Каллас өз күйеуінің бизнесі жөнінде толық ақпары жоқ екеніне қарамастан, оның компаниясы эстонның басқа компаниясына көмек беріп жүр деп есептейтінін білдірді.
«Менің нақты білетінім – күйеуімнің компаниясы әдепке сай келмейтін ешқандай артық тірлік жасап жүрген жоқ. Олар сол жақта еуро қалып кетпеуі үшін тіпті Ресейден жағар май да сатып алмайды», – деді Каллас.
Осыдан кейін Postimees газеті өзінің редакциялық мақаласында премьерді тура қойылған сұраққа жауап беруден жалтарып отыр деп айыптады. Eesti Paevaleht басылымы Калласқа өз еркімен отставкаға кетуді немесе парламент сенімін алуды ұсынды.
ERR телеарнасы Nordstat және Turu-uuringute қоғамдық зерттеу институттары жүргізген екі сауалдамаға қатысушылар тиісінше 57 және 69 пайыздық жауаппен Калласты отставкаға кетуге шақырып отыр.
Премьер-министр 2022 жылы желтоқсан айында эстон мемлекеттік компанияларының Ресейден, – тіпті санкцияға ілінбеген болса да, – тауарлар әкелулерін «дұрыс емес деп санайтынын» мәлімдеген еді. Ал 2023 жылы мамырда Financial Times басылымына берген сұхбатында ол өзіне эстон компанияларына Ресейге «сұр» тауарларды жеткізуге көмектеспеуді жалынып сұраған кездері болғанын айтты.