РФ армиясы Запорожье бағытында зор қырғынға ұшырауда
КИЕВ. 10 маусым. Мелитополь қаласының басшысы Ресей оккупанттарының Запорожье бағытында орасан зор қырғынға ұшырап жатқанын баяндады. Бұл туралы «ДонПресс» хабарлады.
«Ресей басқыншылары Запорожье облысында шұғыл тәртіппен орнын ауыстырып қана қойып жатқан жоқ, сонымен бірге, орасан зор шығынға батып жатыр», – деді Мелитополь басшысы Иванец Фелоров.
Оның айтуынша, жау әскери қызметкерлерінің бір бөлігін Запорожьеден Херсон бағытына апарып жатқан кезінде сұмдық қырғынды бастан кешкен.
«Біз қазір Ресейдің бұдан 3 ай бұрын соғысты өте көп басым әскермен бастағанын анық біліп отырмыз. Ол кезде Украинаның 1 солдатына Ресей 15-тен 20-ға дейінгі баскесерін қарсы қойды. Ал бүгінде біз Украина Қарулы күштерінің аяусыз жүргізген жұмыстары нәтижесінде ара-салмақты теңестіріп алдық. Сондықтан территориямызды жаудан тазартып ала алатынымыз айқындалып қалды. Әңгіме оның апталар мен айлардың қаншасына созылатыны турасында ғана», – деді Фелоров.
Сол сияқты Ресей армиясының Запорожье облысындағы Гуляйполе бағытында да көп шығынға ұшырап жатқаны белгілі болып отыр.
Мұның алдында Луганск облысы әскери әкімгершілігінің басшысы Сергей Гайдай оккупанттардың Северодонецкіде шыбындай қырылып жатқан буряттардың қалдығын алып кеткендерін мәлімдеген болатын.
Украина әскерилері бүгін ұрыс қимылдары барысында Ресейдің барлау басқармасы спецназының капитаны Виталий Кокоринді жаһаннамға жібергені жария етілді.
Украина Қарулы күштері Донецк облысының Бахмут елді мекені түбінде жаудың «Вагнер» тобының штурмдық бөлігін жойып жіберді. Оларды жер жастандырған Иван Выговский атындағы 58-ші мото жаяу әскерлер бригадасы болып шықты.