Пентагон: Украина армиясы РФ қорғанысының бірінші шебін бұзып өтті
УАШИНГТОН. 26 тамыз. Украина Қарулы күштері бөлімшелері Ресей армиясының Запорожье облысындағы қорғаныс желісінің бірінші шебінің тас-талқанын шығарды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ штабтары біріккен комитетінің басшысы, генерал Марк Милли Иорданияның Al-Mamlaka телеарнасына берген сұхбатында Украина сарбаздарының кеше кешке жаудың бірінші шебін бұзып өткенін айтты.
«Олар қорғаныстың бірінші шебін өздеріне қаратты. Бұл – орыстар бірнеше ай жұмыс істеп, танкіге қарсы ор қазып қойған, «айдаһар тісін» төсеп тастаған, миналы алаңдары бар, қорғаныс бекіністері күрделі шебі, украиндар соны алып жатыр», – деді Милли.
«Әзірге белгілі бір зор табыс жайлы сөз қозғауға ерте», – деп атап өтті генерал.
Милли украиндар қарсы шабуылының баяу жүріп жатқаны жайында қозғала бастаған әңгімеге түсінік бере келіп, соғысты ондай жағдайдың жиі кездесіп тұратынын, өйткені, соғыс жоспары мен нақты ұрыс сипатының ылғи бір-бірімен сәйкес келе бермейтініне тоқталып өтті.
Бейсенбі күні Украина командованиесінің өкілі Наталья Гуменюк Ресей әскерлерінің Херсоннан ауыр ұрыс қимылдарын бастап кешіп, қатты шығынға ұшырап жатқан Запорожье облысындағы бөлімшелеріне қосымша күш жібере бастағанын мәлімдеген еді.
Қазір Украин күштерінің Запорожье облысындағы стратегиялық маңызы зор Токмак қаласы тұсынан Ресейдің қорғаныс шебін бұзып өткенін америкалық әскерлер мен украин мәнбелері ғана емес, сонымен бірге ресейлік Z-блогерлер де айта бастады.
Мәселен, рашист Семен Пегов (WarGonzo) украин әскерлерінің Работино селосын азат еткеннен кейін үстін-үстін атқылау астына алып, Новопокровкаға шабуыл жасап жатқанын жазды. «Қазір шынымен алаңдатытыны – Работино. Онда жігіттерге шынында қиын, кешке қарай ұрыс қимылдары елді мекеннің түстігіне қарай көшті, онда оларды жау қарсы алды», – деп баяндады «Белорусский силовик» арнасы. Украин күштері сондай-ақ онымен қатарласа Вербовое ауданында да шайқасқа шықты. Мұны Ресейдің 58-ші армиясымен байланысы бар «Рогозин на фронте» телеграм-каналы атап өтті. «Жау шешуші соққы беру үшін күштерін шоғырландырып жатыр. Оған алдымен Вербовоеға, сосын Токмакқа шығу керек», – деп жазды арна.
The New York Times газеті 13 тамызда Украина Қарулы күштерінің Бердянск және Мелитополь бағытында айтарлықтай табыстарға жете бастағанын жазды. Киевтің мақсаты – Азау теңізіне қол жеткізіп, Ресей мен Қырым арасындағы «құрғақтағы көпірді» жабу.
Американың Соғысты зерттеу институты (ISW) 23 тасмызда украин әскерлері Ресей армиясының Запорожье облысындағы екінші қорғаныс шебін алуға дайындалып жатқанын әңгімеледі. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, бұзып өткен жерде РФ қарулы күштерінің басқа бөлімшелері болмаса, онда екінші шептің бекінісі біріншісінен әлсіз екенін көрсетеді.