Қазақстанда үш жаңа облыс ресми түрде құрылды
АСТАНА.8 маусым. Бүгін Қазақстанда әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты елімізде үш жаңа облыс ресми түрде құрылды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Президенттің бүгін қол қоюымен жария етілген Жарлыққа сәйкес жаңадан пайда болған құрылымдар қатарында Шығыс Қазақстаннан бөлінген – Абай, Алматы атауынан бөлінген – Жетісу, Қарағандыдан бөлінген Ұлытау облыстары бар.
Осылайша жаңа облыстар жұмыстарын бастады. Енді жақын аралықта олардың әкімдері тағайындалады.
Жаңа облыстардың құрамдары мынандай:
Абай облысы: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары. Облыс орталығы – Семей қаласы.
Шығыс Қазақстан облысы құрамында мына құрылымдар қалды:
Алтай, Глубокий, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонайхы аудандары. Өскемен және Риддер қалалары. Облыс орталығы – Өскемен қаласы.
Жетісу облысы: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары. Облыс орталығы – Талдықорған қаласы.
Алматы облысы құрамына мына құрылымдар берілді:
Балқаш, Еңбекші қазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары, Қонаев (Қапшағай) қаласы. Облыс орталығы – Қонаев қаласы.
Ұлытау облысы: Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.
Қарағанды облысының құрамында мына құрылымдар қалды:
Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакар, Шет аудандары, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Сарань және Шахтинск қалалары. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы.