Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жаңа жүйеге көшті

АСТАНА. 30 маусым. Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргізілді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Заңға қол қойды.
Онда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін жаңғырту және арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастыруға қаулы еткені айтылған.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылсын», – делінген құжатта.
Осыған байланысты қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын ұсынуға тиіс. Комитет Үкіметпен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттікке (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.






