Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Әбдірахымов пен Мәсімов тағы алаяқтық бабы бойынша айыпталды

АСТАНА. 8 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы «Kozachkov offside» telegram-арнасы хабарлады.

«Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша тергелуде. Жаза – мүлкі тәркіленіп, бестен 10-ға дейін, осы бап бойынша орташа мерзім – сегіз жыл бас бостандығынан айыру. Сондықтан да болар, Бас прокуратура рейдерлік іс жоқ деп жауап берді – ол да алаяқтық бойынша. Ақпаратты полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек (Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі) ресми түрде растады», – делінген хабарламада.

Ол мәлімдеменің бастамашысы ең бай адамдардың бірі, құрамына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС кіретін Alageum Group корпорациясының негізгі иесі Сайдулла Қожабаев екенін түсіндірді.

«Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімовті қосқанда бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған. Біз 2-3 миллион доллар туралы айтып отырмыз (олар тағы он миллион доллар сұраған). Олар не сұрады және не үшін төледі әзірге жұмбақ» делінген хабарламада.

Бұған дейін Козачков бұл екі фигурантқа қарсы рейдерлік факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button