АҚШ Украинаға ракета жүйелері мен оқ-дәрі беретін болды
ВАШИНГТОН. 1 маусым. Құрама Штаттар Украинаға біршама жетілдірілген ракета жүйелері мен оның оқ-дәрілерін беретін болып шешті. Бұл туралы The New York Times хабарлады.
АҚШ президенті Джо Байден басылым бетіндегі өзінің бағанында осы жайында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақ үйдің бұл жердері мақсаты қарапайым: АҚШ демократиялы, тәуелсіз, егемен және гүлденген Украинаның бұдан әрі агрессияны тоқтата алатынын көріп отыр.
«Біз Украинадағы соғыс алаңында шешуші нысандарды мейлінше дәл атып жою үшін украиндарға біршама жетілдірілген ракета жүйелері мен оның оқ-дәрілерін береміз», – деді Байден.
Бұдан басқа, Вашингтон Украинаға қазіргі заманғы қаруларды беруді жалғастырады. Олардың қатарында мыналар бар:
– танкіге қарсы Javelin ракеталары;
– Stinger зенит ракетасы;
– күшті артиллериялық және жоғары дәлдікті ракета кешендері;
– радарлар;
– пилотсыз ұшу аппараттары;
– Ми-17 тікұшақтары;
– оқ-дәрілер.
АҚШ сондай-ақ Украинаға қаржылай көмек түрінде тағы миллиардтаған ақша жібереді, бұған Конгресс өзінің санкциясын (рұқсатын) берді.
Бұдан бөлек, Байден Ресейге қарсы санкциялар бойынша өздерінің одақтастарымен және әріптестерімен бірге жүргізіліп келе жатқан жұмыстары жалғастырылатынын айтып сендірді.
Америка президенті Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің Украинаның бас тартуы салдарынан тұйыққа тірелгенін атап өтті.
«Келіссөз тұйыққа тірелді, себебі, Ресей мүмкіндігінше Украинаның көп бөлігіне бақылау орнатып қалу мақсатындағы қанқұйлы соғысын тоқтаусыз жалғастырып келеді. Осы ретте Құрама Штаттар Украинаны нығайту жөніндегі жұмыстарын жалғастырып, оның жанжалды бейбіт жолмен тоқтатуға қол жеткізу жөніндегі талпынысына қолдау білдіреді», – деді Джо Байден өз сөзінде.