НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы Украинаға көмектесуді қолдады
ВИЛЬНЬЮС. 1 маусым. Литва астанасында 27-30 мамырда болып өткен НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы Украинаға көмектесу жөнінде декларация қабылдады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Құжатта Ресейді күйретуге бағытталған кең ауқымды санкциялардың керек екені айтылған.
Парламенттік ассамблея Украинаның еуропаық атлантикамен интеграция жолындағы ұстанымына қолдау көрсетіп, оған ауыр қару-жарақтарды жеткізіп беруді арттыру қажеттілігін мәлімдеді.
Альянстың 30 елінің ішінде шамамен 200-ден аса заң шығарушы НАТО-ның Ресей бастаған соғысты барынша қатаң айыптаған «Standing with Ukraine» деп аталатын декларациясын қолдады.
Декларацияда Парламенттік ассамблеяның Украинаның Еуропа атлантикамен интеграция жолындағы ұстанымына қолдау көрсетіп, оған ауыр қару-жарақтарды жеткізіп беруді арттыру, атап айтқанда, ПВО, ПРО жүйелерін, кемеге қарсы атылатын жүйелер мен артиллерияларды жеткізіп беру, сондай-ақ барлау мәліметтерін беріп тұру қажеттілігі айтылған.
Құжатта Ресейді күйреуге ұшырататын санкциялар ауқымын арттырудың және РФ-ның көмірін, газын, мұнайы мен уранын импортттаудан біртіндеп бас тарту қажеттілігі қарастырылған. Әңгіме сондай-ақ Ресей олигархтарына, лауазымды тұлғалары мен олардың отбасыларына, бұған қоса насихатшылары мен мемлекеттік БАҚ-тарына қарсы қосымша санкциялар енгізу жайында да болып отыр.
НАТО Парламенттік ассамблеясы Альянс мемлекеттерінен Ресейдің жаулық іс-әрекеттерімен, атап айтқанда, жеккөрушілікті үрлеумен, жалған ақпарларды таратумен және жанжалды өршітумен айналысатын елшілерін елден шығарып жіберуді талап етеді.
Құжатта Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы барысында жасаған кінәларына жауаптыларды қылмыстық қуғындау мен жазаға тарту үшін тексеріс жүргізетін арнайы Халықаралық трибунал құру қажеттілігіне айрықша назар аударылған.
Декларацияда НАТО-ның еуроатлантикалық қауіпсіздіктің тікелей және басты қатері болып табылатын Ресей ревизионизмі мен агрессиялық әрекетіне дәлме-дәл баға беретін және Альянстың шығыс қапталын күшейту қарастырылатын стратегиялық тұжырымдамасы болуы қажеттілігі айтылған. Бұл НАТО-ның әскери әлеуетін күшейтіп, Ресейдің ядролық қоқан-лоқысын ауыздықтау жағдайына да қатысты.