Арменияның экс-президенті сотталуы мүмкін
Баку, 17 тамыз. Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян жақын аралықта тұтқынға алынуы мүмкін. Бұл туралы армян баспасөзінің деректеріне сүйенген oxu.az тілшісі хабарлады.
Мұны Арменияның Ватикандағы елшісі, бұрынғы президент С. Саргсянның күйеу баласы Микаел Минасян мәлімдеді.
«Бұл билік іс-әрекетінің бар қисыны осы – әлдекімдерді айыптап, қамауға алу. Бүгінде мемлекеттік ресурстардың айтарлықтай бөлігі осы айыптаулар мен тұтқындауларға кетіп жатыр. Бірақ мәселе мынада, мұның бұдан былай пәлендей әсері болмайды», – деді ол.
Минасянның айтуынша, билік Серж Саргсянды қалайда қамауға алудың мега жоспарын баяғыда жасап қойған, енді тек оны жүзеге асыру ғана қалды. Соңғы кезде орын алып жатқан оқиғалар биліктің Саргсянды қамауға алу арқылы қоғамның назарын шешімін таппай жатқан нақты мәселелерден аудару болып тұрғанын байқатады.