Назарбаевқа қатысты құқықтық тұрғыдан баға беріледі – Тоғжанов
АСТАНА. 23 мамыр. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов экс-президентке құқықтық тұрғыда баға беретін кезең келетінін айтты. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Жоғары лауазымды шенеунік тележурналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында елдегі саяси ахуал мен бастамалар жайында ой толғады.
Журналист сөз арасында алғашқы президентке қатысты елдегі әртүрлі алып-қашпа әңгімелер туралы айтып, оның тағдыры қалай болатынын сұрады.
«Қазақстан Республикасы шекарасы туралы нақтылауға 2018 жылдың 12 тамызы күні қойылды. Сол кезде Маңғыстау облысының әкімі едім. Нүктесі қойылмаған жер Каспий теңізінің айналасы-тын. Осылайша Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бекітілді. Көрші елдердің бәрінде шекара мәселесі бар. Мен тек бір ғана жұмысты айтып отырмын. Оны ұмытуға қақымыз жоқ. Ал айналасындағы туыстарға байланысты мәселелермен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Барлығына құқықтық баға беріледі», – деді ол.
Премьер-министрдің орынбасары бүгінгі күннің батырлары қатарына дәрігерлерді, тәртіп сақшыларын, ғалымдарды қосатынын мақтанышпен жеткізді.