Еліміздің атақты футболшысы Сергей Гороховодацкий қайтыс болды
АЛМАТЫ. 21 мамыр. Қазақстан футболының аты аңызға айналған өкілдерінің бірі Сергей Гороховадацкий қайтыс болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Қазақстан Футбол федерациясының хабарламасында Сергей Гороходацкийдің 73-ке қараған жасында өмірден өткені айтылған.
Сергей Алексеевияч Горохоодацкий 1949 жылы 31 желтоқсанда РСФСР-дың Свердловск (қазір – Екатеринбург) қаласында туған. Свердловскінің «Уралмаш» балалар мен жасөспірімдер мектебінің түлегі. КСРО спорт шебері. Шабуылшы. Футболдағы мансабын Свердловскінің «Уралмаш» командасынан бастады. Бұдан кейін Омбының «Иртыш», Өскеменнің «Восток», Төменнің «Нефтяник» командалары сапында ойнап келіп, 1976 жылдың жазында бірінші рет Алматының «Қайраты» құрамында бірінші лига чемпионатына қатысты. Сол чемпионатта 24 ойын ойнап, 14 гол соққан форвард маусым соңында командамен бірге бірінші орынды жеңіп алып, жоғары лигаға өтті. Бірақ ол келесі жылы жарақаты салдарынан алаңға шыға алмай, негізгі топқа 1978 жылы ғана қосылды.
Бұдан кейін бірқатар жылдар Семейдің «Спартак» командасының намысын қорғады. Футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін біраз жаттықтырушылық қызмет атқарды.
Сергей Гороховадацкий «Қайраттың» сапында 47 рет алаңға шығып, 19 гол соқты.
Rast.kz сайты дайындап жатқан Қазақстан футболшыларының орыс тіліндегі энциклопедиясында ол туралы мынадай мәліметтер берілген:
ГОРОХОВОДАЦКИЙ Сергей Алексеевич (31.12.1949, г. Свердловск, РСФСР – 21.05.2022, г. Алматы). Гражданство: СССР, Казахстан. Нападающий. Мастер спорта СССР (1989). Тренер. Воспитанник ДЮСШ «Уралмаш» Свердловск. Выступал за команды «Уралмаш» Свердловск (1968, в чемпионате первой лиги СССР 1 матч, 1969, в чемпионате высшей лиги СССР 1 матч), «Иртыш» Омск (1970, в чемпионате второй лиги СССР 9 матчей, в Кубке СССР 1 матч), «Восток» Усть-Каменогорск (1970, 1973-1976, вторая лига СССР, забил 43 гола, 1979-1981, в чемпионатах второй лиги СССР 92 матча, 55 голов), «Нефтяник» Тюмень (1971-1972, вторая лига СССР, забил 10 голов), «Кайрат» Алматы (1976, в чемпионате первой лиги СССР 24 матча, 14 голов, 1977-1979, в чемпионатах высшей лиги СССР 23 матча, 5 голов, в Кубке СССР 5 матчей), «Спартак» Семипалатинск (1982, 1985-1986, в чемпионатах второй лиги СССР 35 матчей, 19 голов). Был тренером «Восток» Усть-Каменогорск (1981), «Спартак» Семипалатинск (1982, 1986), «Женис» Астана (2001), главным тренером «Авангард» Петропавловск (1983-1984), «Восток» Усть-Каменогорск (1986-1992, 1993-1998, 2004-2006), олимпийской сборной Казахстана (1995-1996), национальной сборной Казахстана (1998), «Женис» Астана (1999-2000), «Шахтёр» Караганда (2001-2003), «Кайсар» Кызылорда (2006-2007), молодёжной сборной Казахстана (2009), молодёжной сборной СУАР, КХР (2010-2011).