Украина немістің алғашқы «Гепардын» шілдеде ала бастайды
БОНН. 21 мамыр. Германия Украинаға өзінің алғашқы «Гепард» зенитті жылжымалы қондырғыларын шілде айында жеткізіп береді. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.
Германия украин әскерлеріне жаздың соңына дейін 30 «Гепард» қондырғысын аттандырады. Осындай алғашқы 15 қондырғы 60 мыңға жуық оқ-дәрісімен бірге шілде айының ішінде жеткізіледі.
Германия Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт пен оның украиналық әріптесі Алексей Резников жұма күні өткен видеомәслихат барысында осындай мәмілеге келді.
«Гепард» – қорғаныс кезінде өте тиімді қолданылатын маңызды қару. Қазір біз алғашқы 15 қондырғыны барлық жабдық-жарақтарымен шілде айының ортасына дейін жеткізіп беру жолында бірлесе жұмыс жасауға келістік», – деп мәлімдеді Ламбрехт келіссөзден кейін.
Ал Резников герман министріме «өте өнікті» әңгіме жүргізілгенін сөз етті. «Біз украин армиясының мүмкіндіктерін нығайта түсетін жаңа маңызды жобаның басталуын талқыладық», – деді ол.
Неміс тарапы сондай-ақ PzH 2000 гаубицасының жетеуін әкеп беретін болды. Украин солдаттарын онымен жұмыс істеуге үйрету қазірдің өзінде басталып кетті.