Соғыстың 86-ы күні: «Азовсталь» Ресей армиясы қол астына өтті
КИЕВ. 21 мамыр. Кеше Украинадағы соғыстың 86-шы күнінде Мариуполь толық Ресей басқыншыларының қол астына өтті. «Азовсталь» қорғанысы тоқтады. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.
«Азов» полкының командирі Денис Прокопенко Telegram-да жарияланған видеоүндеуінде Украина жоғары әскери басшылығының гарнизон әскери қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын сақтап қалу үшін қаланы қорғауды тоқтатуды бұйырғанын мәлімдеді.
Прокопенко сондай-ақ «Азовсталь» зауытындағы ұрыстарда ауыр жараланған жауынгерлердің Украинаның бақылауындағы территорияда емделіп жатқанын атап өтті.
Осыдан кейін РФ Қорғаныс министрлігі «Азовсталь» аумағына өздерінің толық бақылау орнатқандарын баяндады. Ведомствоның мәліметінше, 20 мамырда «Азов» батальоны жауынгерлерінің соңғы тобы – 531 адам 20 мамыр күні берілген. Жалпы, 16 мамырдан бері «Азовстальді» қорғап тұрған 2 439 украин әскериі тұтқынға түскен. Комбинаттың жер асты құрылыстары РФ қарулы күштерінің бақылауына көшкен.
Ал Украина президенті Владимир Зеленский «Азовстальде» әлі де украин жауынгерлерінің бар екенін, олардың зауыт территориясынан шығарылуы жақын күндерде аяқталатынын айтты.
Суретте: құс ұшатын биіктен қарағандағы Мариуполь.