Ақтөбе билігі ақыры ресейлік Винокурдың концертіне рұқсат берді
АҚТӨБЕ. 13 мамыр. Ақтөбе билігі ақыры ресейлік юморист Владимир Винокурдың қалада концерт қоюына рұқсат беріп тынды. Бұл туралы Ratel.kz хабарлады.
Мұнымен қоймай, шенеуніктер мәдениет басқармасы мен ұйымдастырушының арасындағы түсінбестікті «саясиландырып жіберген» журналистерді кінәлап, өздерін ақтап алуға тырысты.
«Жұма, 13 мамыр күні мәдениет басқармасының бастығы Алтынай Юнусова кеше орын алған Владимир Винокур концертіне тосқауыл қою жөніндегі талапқа түсіндірме берді», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше турды ұйымдастырушы Талғат Оспанов БАҚ-қа шағым айтты. Оның айтуынша, шенеуніктер одан Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік юмористің концертіне билет сатуды тоқтатуды талап еткен.
Ал бүгін облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі агентке өзінің түсіндірмесін берді.
«Бұқаралық ақпарат құралдарына Винокурдың эстрадалық-пародия спектаклін өткізуге қатысты келіп түскен шағымға байланысты мынаны айтамын:
Спектакльді ұйымдастырушы Талғат Оспановпен кездесу кезінде сатылған билет санының аздығына (барлығы 180 билет) орай концертті кейінірекке қалдыру жөнінде бір жақты пікірге келгенбіз. Алайда, оның тарапынан түсінбестік туыпты, ол кейінге қалдыруды бас тарту деп қабылдапты, біз өз кезегімізде бар болғаны көрермендер залының толық болғанын ғана қалап едік. Бүгінгі күні спектакль алдын ала белгіленген күні өтетін болып келісілді», – деді Алтынай Юнусова.
Фото: © Ratel.kz / Дмитрий Матвеев.