Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Украина америкалық гаубицаларды «іс үстінде» көрсетті

КИЕВ. 13 мамыр. Украина Қарулы күштері АҚШ-тан әкелінген гаубицаларды ұрыс қимылдары барысында таныстырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«УҚК бас қолбасшысы Валерий Залужный АҚШ президентінің әкімшілігі украин әскерилеріне ұсынған M777 типті 155 мм калибрлі гаубицаларды әрекет үстінде көрсетті», – делінген хабарламада.

«М777 гаубицалары үшін біздің артиллеристер атынан Америка халқына жеке сәлем және алғыс. Менің жігіттерім артиллерияның құнын біледі. Олар ең алдымен бұл гаубицаның жоғары дәлдікті және өте тиімділікті қару екенін жеткізгілері келеді. Біз онымен бірге жеңісті қамтамасыз етеміз», – деді Залужный.

Анықтама: M777 – 155 миллиметрлік калибрлі далалық тіркемелі гаубица. Ол ату кезінде цифрлы жүйе арқылы басқарылады. Әдеттегі снарядтармен 24,7 шақырымға дейін жетеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button