Түркия «Азовстальдан» жаралыларды шығаруға көмектесті
КИЕВ. 13 мамыр. Украина бүгін Түркияның арада делдал болуымен Мариупольдегі «Азовсталь» зауытынан жаралыларды эвакуациялады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Алайда, Ресей оккупанттары осы жағдайды біле тұра таңертең «Азовстальді» басып алу үшін шабуылға шығып, зауыт территориясына қарай өтіп кетуге бірнеше рет әрекет жасаған.
Мариуполь қаласы мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко Ресей армиясының 12 мамыр күні де қалаға артиллерия мен авиациядан соққы беруді жалғастырғанын, соның ішінде негізгі күшті «Азовсталь» зауытына салғанын айтты.
«Жергілікті тұрғындарды эвакуациялау шараларын ескере отырып, ресейліктердің жақын уақыттарда отты қарудан атқылауды күшейтетінін күтуіміз керек», – деп ескертті Бас штабтағылар.
Украина вице-премьері Ирина Верещук «Азовстальдағы» жауынгерлерді эвакуациялау мәселесі Түркияның араағайындығы арқылы жүріп жатқанын мәлімдеді.
Қазір «Азов» полкының жауынгерлері қарсыластарының адам күші басымдығы мен өздерінің оқ-дәрілерінің жетіспеушілігіне қарамастан, жауды өздері басып алған «Азовсталь» зауытының территориясынан қуып шығуды жалғастырып жатыр.