Болат Назарбаевтың ұлына үш адамды өлтірді деген айып тағылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 20 сәуір. Алматы облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаевқа үш адам өлтірді деген айып тағылып, өзіне іздеу жарияланды. Бұл туралы Ulusmedia.kz хабарлады.
Еске сала кетейік, Нұрбол Назарбаев – бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаевтың ұлы.
Қазіргі кезде Нұрбол Назарбаев полициядан қашып, бой тасалап жүр. Оның адам өлтірген қылмыстары жөнінде Қаскелеңдегі атысқа байланысты іс бойынша түрмеде отырған «Копчик» есімді лақап аты бар Бауыржан Көпжасаров және басқалар айғақ берді.
Нұрбол Назарбаев 2014-2017 жылдары Алматы облыстық полициясы бастығының орынбасары болып істеді. 2017 жылдан Prime Capital Holding инвестициялық қоры бақылау кеңесінің төрағасы болып келеді.
Айта кетейік, биылғы наурыз айының басында Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр және Әйтей ауылдарына келген 30-ға жуық жас жігіттердің қатысуымен жаппай төбелес болды. Жанжалға Назарбаевтар отбасына жақын болып жүрген Көпжасаров та қатысқан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, төбелесушілер полицейлерге қарай да оқ атқан.