Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Ресей КСРО жалауын қабылдауға әрекет жасап жатыр
МӘСКЕУ. 19 сәуір. Мемлекеттік дума бұрынғы КСРО жалауын Ресей туы ретінде қабылдау мәселесін талқыға салып жатыр. Бұл туралы Regnum хабарлады.
Мәселені күн тәртібіне КПРФ лидері Геннадий Зюганов шығарды. Ресей коммунистерінің басшысы думаға осындай заң жобасын ұсынды. Осыған сәйкес, енді «Ресей Федерациясының Мемлекеттік туы туралы» федералды конституциялық заңның 1-бабына өзгеріс енгізу жайы талқыға түсуде.
Мұнда 1945 жылы мамыр айында Кеңес Одағының қызыл туының Рейхстагтың төбесіне ілігеніне айрықша мән беріліп жатыр.