Жаһан

Қой-Таштағы ахуал. Атамбаев қолға түсті

Бүгін, 8 тамыз күні кешке Бішкектің түбіндегі Қой-Таш ауылында орналасқан үйінде жақтастарына сүйеніп, құқық қорғау органдары күшіне қарсылық білдіріп, берілмей келген Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ақыры қолға түсті. Бұл туралы АКИpress хабарлады.
Атамбаевтың үйіне шабуыл жасау барысында арнайы жасақтың 1 жауынгері қаза тауып, 48 адам жарақат алды.
Оқиғаның хроникасы мынадай.
20:59: Атамбаев Бішкекке жеткізілді.
21:03: Желіде Қой-Ташта Атамбаевпен қалай келіссөз жүргізіліп жатқаны туралы бейнежазба пайда болды.
21:05: Кой-Таш және Таш-Мойнок айылдары ауданында құқық қорғау органдарының азаматтарды жан-жаққа қууларына байланысты қақтығыстар орын алып жатыр.
21:09: Ішкі істер министрлігіне Фарид Ниязов жеткізілді.
21:16: Ішкі істер министрлігіне сондай-ақ Атамбаевтың күзетшілерінің бірі Кундуз Жолдубаев әкелінді.
21:25: «Халық штабы» мен Алмазбек Атамбаевтың жақтастары шеруге шығады деп жариялады СДПК партиясының мүшесі Әділ Тұрдықұлов «Апрель» телеарнасы арқылы.
Оның айтуынша, Атамбаевтың ұсталуы халықтың бұдан да зор қарсылығына тап болуы мүмкін. «Егер заңға сәйкес келмейтін әрекеттер жасалар болса, біздің Конституциямен бекітілген басқа да әдістеріміз бар. Мәселен, шерулер мен алуан түрлі акциялар. «Халық штабы» мен Алмазбек Атамбаевтың жақтастары шеруге шығады. Біз Атамбаев үшін емес, елде заңның сақталуы үшін күресеміз», – деді Тұрдықұлов.
21:43: Атамбаев әуелі Ішкі істер министрлігіне жеткізілді, соңынан Қауіпсіздік комитетіне апарылды, деп хабарлады Слесарев.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button