АҚШ пен Еуропа одағы Путиннің қыздарына санкция салады
ВАШИНГТОН. 6 сәуір. АҚШ пен Еуропа одағы елдері Путиннің қыздарын қамту арқылы Ресейге салынатын санкцияның әсерін күшейте түсуге шешім қабылдады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
«АҚШ, Еуропа одағы және G7 елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін үйлестіріп жатыр. Оның ішінде АҚШ-тың Ресейге жаңа инвестиция жасауына тыйым салу да бар. Сондай-ақ Еуропа одағы Владимир Путиннің екі қызына қарсы санкция енгізудің жолдарын қарастыратын болады», – делінген хабарламада.
Мәнбенің айтуына қарағанда, АҚШ пен Еуропа Ресейдегі қаржы мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты санкцияларын ауқымын ұлғайтады, сондай-ақ Ресейдің бұған дейін аттары аталмаған лауазымды тұлғалары мен олардың отбасылары мүшелеріне қатысты тиісті тыйым жасайды.
«Жаңа санкциялар Ресей мемлекеттік билігін деградацияға ұшыратып, бұл елге шұғыл түрде қатта экономикалық соққы беруге тиіс», – делінген бұдан әрі.
Осы мәселеге қанық мәнбенің баяндауынша, Еуропа одағы қазіргі күндері Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызы – Мария Воронцова мен Екатерина Тихонова үшін арнайы санкциялар пакетін әзірлеуде. Олар РФ саяси қайраткерлері, магнаттары мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ бірнеше насихатшысы (журналистері) кіретін жаңа тізімнен орын алады.
Айта кетейік, Путиннің екі қызы да көптен бері Еуропа елдерінде тұрады. Екеуі де күйеулерімен ажырасып кеткен. Кіші қызының күйеуі жақында өзі бастамашы болып, бұл әулеттен кетіп қалды.