Эксперт-нумеролог: Путин жақында қастандықтан қаза табады
КИЕВ. 25 наурыз. Украиналық нумеролог әрі таролог Ресей президенті Владимир Путиннің қастандықтың құрбаны болатынын баяндады. Бұл туралы «Украина24» хабарлады.
«Ресей президенті Владимир Путин өзіне жақын шеңбердің сатқындығы салдарынан қаза табуы мүмкін – Кремль қожайынының туған күні датасының нумерологиялық анализі соны көрсетіп тұр», – деді көріпкел Владислав Грицай.
Ол Ресейдегі заговор мен төңкерістің айдың соңында болатынын, ал сатқынның рөлін орындауға РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың өте әдемі келетінін айтып берді.
«Бәрі оның (Путиннің – ред.) туған күнінен шығып тұр, ол айналасындағы жақын жандардың бірінің сатқындығынан өледі. Туған күні цифрларында екі жетілігі бар адамдар (Путин айдың 7-інде туған, ал оның туған жылының қосындысы да жеті болып тұр – 7.10.1952) әдетте өмірлерін шизофрения оқиғасымен аяқтайды – іс жүзінде біз де онда осындай ауытқу бар екенін байқап отырмыз», – деді нумеролог.
Айтуынша, төңкеріс (переворот) айдың соңында алдымен Беларусьте басталып, Мәскеуде аяқталады.
«Бірінші болып Минск көтерілуге тиіс. Әлдеқандай бір генерал саботаж жасайды. Сосын Питер көтеріледі. Сосын Сібір қосылады – мен сондағы бір қала туралы айтып отырмын. Сосын Мәскеу. Бірақ бұл оқиға оған жақын жүрген бір генералдың қолымен жасалады», – деді Грицай.
Оның сөзіне қарағанда, Путинді нақты кімнің сатып кететінін дөп басып айту қиын. Алайда, бұл істің бастамашылары екеу – бірі әскери қолбасшы, екіншісі саясаткер немесе бизнесмен болады.
«Міне, бұл рөлге Шойгу әдемі келіп тұр», – деді Грицай.
Соңынан ол Украинадағы соғыстың сәуірдің 20-на қарай аяқталатынын, бірақ Донбасты толық қайтарып алудың әзірге кейінге қала тұратынын айтты.
Ресейлік белгілі астролог әрі экстрасенс Макс Гордеев те Ресей президенті Владимир Путиннің қаза табатынын мәлімдеді. Көріпкел оқиғаның наурыз бен сәуір айларының бірінде болатынын алға тартты. Бірақ бұл жағдай кісі қолынан емес, айықпас ауру салдарынан орын алуға тиіс.
Гордеев президент өз ажалынан кетеді деп есептейді. Диктатордың суицидке баруы мүмкін емес, ол өз өмірін қатты бағалайды.
«Оның өмірінің бітетін шағы жақын», – деді астролог.