Қазақстан Конституциясына қандай өзгерістер енгізіледі?
АСТАНА. 18 наурыз. Қазақстан Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілген реформаларды жүзеге асыру үшін еліміздің Негізгі заңына енгізілгелі жатқан өзгерістер жайлы айтып берді. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
Министр Қазақстан Үкіметінің отырысында жасаған баяндамасында осы мәселеге тоқталды. Сонымен, оның сөзінен байқалғандай, Конституцияда төмендегі мәселелер бойынша өзгерістер енгілетін болады:
- Президенттің өкілеттілігі;
- оның лауазымда болуы кезіндегі шектеулер;
- Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті, Конституциялық кеңес төрағалары мен мүщелерінің саяси партиялардан шығулары;
- Сенат пен Мәжілістің құрылу тәртібі және қызметтері;
- Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетін Жоғары аудит палатасы етіп қайта құру;
- мәслихаттарды құру тәртібі;
- азаматтардың, бас прокурордың және адам құқығы жөніндегі уәкілдің хабарласа алатындай мүмкіндігі бар Конституциялық кеңес құру.
Сондай-ақ Негізгі заңда өлім жазасының алынып тасталғаны туралы шешім бекітіледі. Аталмыш мәселелер блогы бойынша заң жобасын талқылау алдағы айға жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, бірқатар заңдарға, соның ішінде конституциялық мәселелер бойынша заңдарға мынадай өзгерістер енгізу жоспарда тұр:
- әкімдер мен олардың орынбасарларына партиялар филиалдарында лауазым атқаруға тыйым салу;
- Сенат пен Мәжілісті құру тәртібі және қызметтері;
- Конституциялық кеңес пен Жоғары сот кеңесінің төрағалары орынтағына кандидаттар жөнінде келісім алу;
- Жоғары аудит палатасын қайта құру;
- мәслихаттарды құру тәртібі және қызметтері;
- саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету;
- прокуратура мен адам құқығы жөніндегі уәкілдің іс-әрекеттері;
- сайлау процесін жетілдіру;
- алқабиер сотының қатысуымен өтетін істер категорияларын кеңейту;
- БАҚ туралы заңды қайта қарау;
- жергілікті өзін өзі басқару.
Конституциялық заң мен аталмыш блок заңдары жобаларын талқылау тамызда өтеді деп болжануда.
Бұдан басқа, Абай, Ұлытау облыстарын қайта құру, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу мәселелері бойынша, сондай-ақ облыстар әкімдерінің және республикалық маңызы бар қалалар әкімдері орынбасарлары санын шектеу жөніндегі Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын талқылау биылғы жылғы маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.