Ресей Украинада десантшыларының қаза тапқанын мойындады
МӘСКЕУ. 18 наурыз. Ресей Украинаға Костромадан барған десантшыларының түгел опат болғанын бірінші рет растады. Бұл туралы euroradio.fm хабарлады.
Ресей бұқаралық ақпарат құралдарында Украинада қаза тапқан РФ әскерлері жайында хабарлама беру барған сайын жиілей бастады.
Кострома телевидениесінің сайтында кеше Ресей Қарулы күштері 331-ші гвардиялық парашют-десант полкының жауынгерлері тобы тұтасымен жойылып кеткені жарияланды. Журналистер мұны облыстық әскери комиссариаттың дерегіне сүйеніп баяндады.
Ақпарға сай, Украинада бөлім командирі полковник Сергей Сухарев пен басқа да сарбаздар өлтірілген. Облыс губернаторы қаза тапқандардың туған-туыстарына «жан-жақты қолдау көрсетуге» уәде берген.
РФ Қорғаныс министрлігі тек Ресей армиясының Украинада қанша сарбазынан айырылғанын баянады да қойды. Ол 2 наурыз күні қаза тапқандар санының 500 екенін мәлімдеген. Украина тарапы бүгінгі күнге дейін 14 мың РФ әскерилерінің қаза тапқандары жайлы айтып отыр. Осында ажалын қарсы алған генералдар санының өзі оннан асады екен.