Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Гаага соты Ресейден агрессияны жедел тоқтатуды талап етті

ГААГА. 17 наурыз. Гаагадағы халықаралық сот Ресей Федерациясынан Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысын шұғыл тоқтатуын талап етті. Бұл жөнінде BBC хабарлады.

«БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық соты Ресей Федерациясының Украинаға шабуылын шұғыл тоқтату жөнінде шешім шығарды. РФ енді басқыншылық соғысын жедел тоқтатуы керек», – делінген хабарламада.

Гаага соты мынадай шешім қабылдады:

– РФ өзі 24 ақпанда бастаған Украина территориясындағы соғысын дереу тоқтатуы тиіс;

– Ресейдің бақылауындағы кез келген әскери немесе тұрақты қарулы бөлімшелерге, сондай-ақ ұйымдарға немесе тұлғаларға агрессияны жалғастыру жөнінде қадамдар жасауға болмайды.

Украина 24 ақпанда РФ кең ауқымды көлемде басып кіргеннен кейін Мәскеудің ойдан құрастырылған «геноцид» туралы бопсасын жоққа шығару үшін Гаага халықаралық сотына осы істі қарауды ұсынды. Сол кезде Кремль украиндар тарапынан Донецк және Луганск облыстарында «орын алған» қайдағы бір «геноцид» жайындағы болжамын шындыққа шағыстырып өткізгісі келіп, тырысып бақты. Осының салдарынан Украина РФ-ның бұл соғысты бастауға себеп болған негізімен таласқа шыққан болатын.

Гаагадағы халықаралық соттың шешіміне сол бойда Украина президенті Владимир Зеленский өз пікірін білдірді. Ол БҰҰның Халықаралық сотының Ресейге қарсы шешімін Украинаның кезекті жеңісі деп бағалады.

Бұдан кейінгі кезек осы мақсатсыз, негізсіз соғысты бастап, бейбіт украин халқын қырғынға ұшыратқан, соның ыңғайында қарттарды, аналар мен балаларды қырып салуға бастамашы болған, сондай-ақ осы геноцидті өз қолдарымен жасаған нақты тұлғалардың ісін арнайы қарап, соттау болуға тиіс.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button