Украина әскерлері Ресейдің 10 әуе техникасы бірлігін жойды
КИЕВ. 17 наурыз. Ресей Қарулы күштері бір тәулік ішінде Ресейдің 10 техника бірлігін атып түсірді. Бұл туралы «РБК-Украина» хабарлады.
«Украина әскерилері тәулік ішінде Ресей Қарулы күштерінің 8 әуе техникасын жойды. Әуе қорғанысы жүйесі тағы 1 истребиль мен тікұшақты атып түсірді», – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштері Әуе қорғанысы командованиесі Facebook-тегі парақшасында осы туралы жазды.
Жойылған әуе техникалары қатарында мыналар бар:
Су-30 см – 3 ұшақ;
Су-34 – 1 ұшақ;
1 танылмаған ұшақ;
2 тікұшақ;
1 БПЛА.
Бұдан басқа, Әуе қорғанысы күштері солтүстік және оңтүстік бағыттарда тағы бір Су-34 пен бір Ка-52 тікұшағын жойып жіберді.
Осы кезге дейін Ресей армиясынан тұтқынға түскендер қатары бір мыңға жақындады.
Кеше Украина тарапы Мелитополь қаласының Ресей әскерлері алып кеткен мэрін агрессорлардың 9 солдатқа айырбастап алды.