Twitter Украина оқиғаларына қатысты 50 мың фейк хабарды өшірді
БАКУ. 17 наурыз. Twitter әлеуметтік желісі Украинадағы соғысқа байланысты айғақсыз жазылған 50 000-ға жуық фейк материалды өшіріп тастады. Бұл туралы «Oxy.az» хабарлады.
Компанияның вице-президенті Шинейд МакСуини ханым Twitter-де осылай деп жазды.
Ол соңғы уақыттарда Украинадағы оқиғалар жөнінде дәл емес және айғақсыз жазылған, дәлелсіз ақпарлармен жұртты адастыратын контент қатарының күрт көбейіп кеткенін мәлімдеді. Бұларға «бұрынғы жанжалдар жайында түсірілген ескі роликтерді салып, оны қазір Украинада болып жатқан оқиғалар» етіп көрсеткілері келетін фактілер де жатады.
«Біз өзіміздің саясатымызға сәйкес, БАҚ-тарда манипуляция жасалып, жасанды жолмен істелген қалбақы материалдарды тізіп алып, 50 мыңнан аса контент бірлігін алып тастадық, 75 мыңнан астам есепті жазбаларға тосқауыл қойдық», – деп жазды МакСуини.
Ол сондай-ақ мұндай материалдардың айтарлықтай басым бөлігі Ресейден тарайтынын басып айтты. Сол себепті РФ мемлекеттік БАҚ-тарының твитіне белгі соғып отыру қолға алынғанын жеткізді.
«Біз РФ БАҚ-тарының әңгіменің мазмұнын қалай бұзып жазатындарын ұдайы бақылап келеміз, сондықтан мұндай контенттердің тарау ауқымын шектеу шараларын қолдандық», – деді компания вице-президенті.
Оның айтуына қарағанда, Twitter 28 ақпанда сондай 61 000-нан аса өзгеше твитті белгілеп алған, соның нәтижесінде фейк таратуға құралған Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тарының 50 пайызының таралу өрісі шектелген.