Ресей белорустарға РФ формасын кигізбек болып жатыр
МИНСК. 14 наурыз. Ресей белорус әскерилеріне РФ формасын кигізіп, арнайы операцияны талдау деген арбаумен Украинадағы соғысқа апарып салып жіберу жоспарын жасады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі Алексей Данилов украин телеарналарынан сөйлеген сөзінде осындай ақпар таратты.
«Бүгін Беларусь территориясында РФ арнайы операцияны талдап көреді. Олар белорус әскерилерінің РФ формасын киюлеріне қатты ынталы болып отыр. Бұлардың бір бөлігі бізге қарсы соғысудан бас тартты. Бірақ қазір Беларусь территориясында жүрген Ресейдің ФСБ-сы мен сондағы арнайы қызметтер оларды Ресей формасын киіп, біздің жерімізге кіруге көндіру үшін үгіттеп бағуда», – деді ол.
Данилов украин жағының бұл жағдайға да дайын отырғанын жеткізді.
«Мен бірден ескертіп қояйын: егер біз белорустармен бетпе-бет келіп қалатын болсақ, оларға берілетін соққы да тура орыстарға көрсетіп жатқан зарптардан кем болмайды», – деп ойын түйіндеді Данилов.
Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі сонымен қатар, ресейліктер мен шешендерді бөліп қарастыратындары, себебі, екеуі қай жағынан алғанда да, екі бөлек халықтар екенін мәлімдеді.