Қытайдың Xiaomi, Huawei компаниялары да Ресейден кетеді
БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. Қытайдың смартфон өндіретін Xiaomi және Huawei компаниялары да өздерінің Ресей нарығынан кететіндерін жариялады. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
«Смартфондар жасайтын аса ірі қытайлық компаниялар рубльдің құнсыздануы мен батыс санкциялары салдарынан, – Бейжің тарапынан Владимир Путинді оның Украинаға шабуылынан кейін қорғау керектігі айтылып, қысым болып жатқанына қармастан, – Ресейге жіберілетін өз өнімдері көлемін күрт қысқартады», – делінген хабарламада.
Мәнбенің мәліметіне қарағанда, смартфон өндіруші қытайлық Xiaomi, Oppo және Huawei компаниялар Украинадағы соғыс басталғалы бері Ресейге беретін тауарлары санын екі есе қысқартқан. Бұған дейін Қытай бренді Ресейдің смартфон рыногының 60 пайызға жуығын алатын еді.
Мұның алдында Қытай Ресейден мұнай сатып алуды да уақытща тоқтата тұратынын мәлімдеген болатын.