Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Лавров Ресейдің перзентхананы саналы түрде бомбылағанын айтты
АНТАЛИЯ. 10 наурыз. Бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өз елі армиясының Мариупольдегі перзентхананы әдейі бомбылағанын мойындады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Ол келіссөз барысында әңгімеде мұның саналы түрде және әскери мақсатта жасалғанын мәлімдеген.
Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Анталияда өткен үш ел сыртқы істер министрлерінің келіссөзінен кейін журналистермен кездесуде осы жайында айтып берді.
Осыдан кейін бұларды адам деп айтуға бола ма?! Анадан туған адам аналар мен балаларға қатысты осындай қылмыс жасай ма?
Гаага халықаралық қылмыстар сотының тұтқыны болуға тиісті адамның осы мәлімдемесінің өзі көп нәрсеге байлам жасаттыра алады.