Анталияда Украина, Түркия және РФ министрлері келіссөз жүргізуде
АНТАЛИЯ. 10 наурыз. Түркияның Анталия қаласында Украина, Түркия және РФ елдері сыртқы істер министрлерінің келіссөзі басталды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Министрлер Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясына әрқайсысы өз тараптарынан баға беруге күш салып жатыр.
Украина сыртқы саясат ведомствосының спикері Олег Николенко мұның жайын Facebook-те жазды.
«Анталияда Украина, Түркия және РФ елдері сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Ресейдің Украинаға қарсы жасаған агрессиясын тоқтату жөніндегі келіссөз басталды», – деп жазды ол.
УНИАН хабарлағандай, бұдан алдын Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу 10 наурызда Анталияда ашылатын дипломатиялық форумның шеңберінде Түркия, Украина және Ресей сыртқы істер министрліктері басшыларының үшжақты кездесуі өтетінін мәлімдеген еді.